Мұрат Нұртілеу Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Тағайындау
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Нұртілеу Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

Президент тиісті қаулыға қол қойды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды";
"Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалсын", - делінген ресми құжат мәтінінде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Президент әкімшілігінің басшысы қызметін Ерлан Қошанов атқарған болатын.

Ол бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен аталған лауазымнан босатылып, парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланды.

Ал мәжіліс төрағасы болған Нұрлан Нығматулин өз еркімен өкілеттігін тоқтатуға өтініш беріп, Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954008-murat-nurtileu-prezident-akimsiliginin-bassysy-qyzmetine-tagaiyndaldy/

jitsu gif