Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Армения президентінің өкілеттігі ресми түрде тоқтатылды

Опубликовано:

Армен Саркисян
Армен Саркисян. Фото: president.am

Армения президенті Армен Саркисяннің президенттік өкілеттігі ресми түрде тоқтатылды деп хабарлайды Sputnik Армения елдің ұлттық жиналыс сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Саркисян бір апта ішінде өзінің отставкаға кету туралы өтінішін қайтарып алмаған.

Оның отставкаға кетуі туралы хаттамаға парламент спикері Ален Симонян қол қойды. Сондай-ақ, ол мемлекет басшысының міндетін атқарушы лауазымын иеленді.

Арменияның жаңа президентін сайлауға ең азы 25 күн және ең көп дегенде 35 күн берілген.

Кандидат ретінде қазіргі үкімет пен оппозициялық партиялардың өкілдерін ұсынуға болады. Бұл ретте депутаттар дауысының төрттен бірін алу жеткілікті.

Оппозиция әзірге өз кандидатын ұсынбады. Ал қазіргі үкіметтен 2021 жылдың тамызынан бері Арменияның жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі қызметін атқарған Ваагн Хачатурян кандидат ретінде ұсынылды. 1990 жылдары ол Ереван мэрі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954034-armeniya-prezidentinin-okilettigi-resmi-turde-toqtatyldy/

pixel