Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазАвтоЖол" басшысы болып Мейірхат Қасымбаев тағайындалды

Опубликовано:

Мейірхат Қасымбаев
Мейірхат Қасымбаев. Фото: ИИДМ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мейірхат Қасымбаев 1980 жылғы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Мамандығы заңгер және қаржыгер. Лондон экономика және саясаттану мектебінде мемлекеттік басқару курстарынан өтіп, Сингапурда біліктілігін арттырған.

Мейірхат Қасымбаев 11 жыл құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызмет құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Жол және инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады.

Сонымен қатар ол - ауылдан келген оқушыларға қолдау көрсететін IQanat білім беру қорының қамқоршысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ басшысы қызметінен босатылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954089-qazavtozol-bassysy-bolyp-meiirxat-qasymbaev-tagaiyndaldy/

pixel