Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чилиде 15 жыл үй қызметшісі болған әйел министрдің орынбасары болды

Опубликовано:

Лус Видаль Уирикео
Лус Видаль Уирикео. Фото: Twitter/luzvidalh

Чилидің жуырда ғана сайланған президенті Габриэль Борич министрлердің орынбасарларын тағайындады. Лауазымды қызметке келгендердің қатарында 15 жыл үй қызметшісі болған әйел де бар, деп хабарлайды РИА Новости.

Габриэль Борич өзінің Twitter парақшасында министр орынбасарларының тізімін жариялаған.

Олардың қатарында Әйелдер ісі және гендерлік теңдік министрінің орынбасары болып тағайындалған Лус Видаль Уирикео да бар.

"Біз одақтың бұрынғы басшысы әріптесіміз Лус Видальдің министрдің орынбасары болып тағайындалуын құптаймыз", - деді Үй қызметшілерінің кәсіподағы Twitter парақшасында.

Айта кетсек, Лус Видальдің өмірбаянында оның әртүрлі отбасыларда 15 жыл үй қызметшісі болып жұмыс істегені айтылған.

Еске сала кетейік, 35 жастағы Габриэль Борич 2021 жылдың желтоқсан айында Чили мемлекетінің жаңа президенті болып сайланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954144-cilide-15-zyl-ui-qyzmetsisi-bolgan-aiel-ministrdin-orynbasary-boldy/

pixel