Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Байбекке Nur Otan партиясындағы қызметі үшін алғыс айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

Айта кетсек, 28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі болып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланды.

Жиында президент партияның ұйымдық құрылымын қайта қарау, атап айтқанда, төрағаның бірінші орынбасары лауазымын алып тастау туралы сөз қозғады.

"Ұйымдық құрылымды да қайта қарау керек. Атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасарының орнына атқарушы хатшы, сондай-ақ тиісті бағыттардағы басқа да хатшылар қызметі қарастырылсын.

Партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер ең өзекті тақырыптар бойынша ұсыныстар әзірленетін ашық әрі тиімді алаңға айналуға тиіс. Олар өзекті мәселелерді шешудің нақты жұмыс істейтін механизміне айналуы керек", - деген еді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954160-toqaev-nur-otan-partiyasyndagy-qyzmeti-usin-baibekke-algys-aitty/

pixel