Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парламент Елбасының қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуін алып тастау туралы түзетулерді мақұлдады

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Мәжілісмендер Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуіне қатысты "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасына сенат енгізген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Осы заң жобасы бойынша баяндаманы депутат Арман Қожахметов жасады.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасының президенті туралы" Конституциялық заңның 1-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, сондай-ақ, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді", - деді ол.

Одан бөлек, құжатта "Қауіпсіздік кеңесі туралы" және "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу де ұсынылған.

Түзетулерге сәйкес, Елбасының Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құқығының күші жойылады.

Құжат қол қою үшін мемлекет басшысына жіберіледі.

Еске сала кетсек, 27 қаңтарда сенаторлар мемлекеттік бастамалар Елбасымен келісілуге тиіс деген норманы алып тастауды ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954191-parlament-elbasynyn-qauipsizdik-kenesine-omir-boiy-toragalyq-etuin-alyp-tastau-turaly-tuzetulerdi-maquldady/

pixel