Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат келісім берді: Қазақстанның Ұлттық банкін Пірматов басқарады

Опубликовано:

Ғалымжан Пірматов
Фото: kapital.kz

Сенат депутаттары палатаның жалпы отырысында Ғалымжан Пірматовты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне тағайындауға келісті - оның кандидатурасын президент ұсынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысының ұсынысын Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов жеткізді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Конституциясының 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына Ғалымжан Пірматовтың кандидатурасын ұсынады", - деді Сүлейменов.

Сенаторлар оған бірауыздан дауыс беріп, қолдады.

Пірматовтың өзі коронавирус жұқтырғандықтан сенат отырысына қатысқан жоқ.

Осы орайда, депутаттар одан сауығып шыққан соң палатаға келіп, қаржы реттеушісінің жұмысына деген көзқарасы туралы есеп беруін сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954371-qazaqstannyn-ulttyq-bankin-galymzan-pirmatov-basqarady/

pixel