Мемлекет басшысы Асқар Жоламановты қызметінен босатты

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы лауазымын атқарған Асқар Жоламановты қызметінен босатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ахметұлы Жоламанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Болат Жарқымбайұлы Жорабаевтың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалғаны туралы хабарладық. Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954410-memleket-bassysy-asqar-zolamanovty-qyzmetinen-bosatty/