Тоқаев Бейжіңге ұшып келді (фото)

Опубликовано:

Тоқаев сапарда11
Фото: Берік Уәли/facebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

Оның мәліметінше, ертең мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.

Одан бөлек, 5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді.

Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ.

мемлекет басшысы11
Фото: Берік Уәли/facebook

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын елімізде 4 телеарна ("Хабар", "Qazaqstan", "Qazsport" және "Elarna") тікелей эфирде көрсетеді.

Төрткүл дүние көз тіккен доданын ашылуы салтанаты 4 ақпанда сағат 18:00-де басталады.

Байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954496-toqaev-beizinge-usyp-keldi/