Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грекияның бұрынғы президенті өмірден өтті

Опубликовано:

Христос Сартзетакис
Христос Сартзетакис. Фото: autoparus.by

Грекияның бұрынғы президенті Христос Сартзетакис 92 жасында дүние салды, деп хабарлайды РИА Новости.

Сартзетакис Грекияны 1985-1990 жылдар аралығында басқарған.

Басылымның жазуынша, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап экс-президент тыныс жетіспеушілігіне байланысты ауруханада жатқан.

Айта кетейік, Сартзетакис 1963 жылы билік өкілдерінің қатысы болған депутат Григорис Ламбракистің өлімін тергеуге қатысып, танымалдығы арта түскен. Ол саяси қысым көрсетілгеніне қарамастан тергеу жүргізген.

Одан бөлек, Сартзетакис 1967-1974 жылдары қудалауға ұшырап, екі рет қамауға алынған.

Айта кетсек, бұған дейін танымал ресейлік актер Леонид Куравлев 85 жасында өмірден өткен еді. Актердің қайтыс болғанын ұлы Василий Куравлев растаған.

Ұлының сөзінше, әкесінен коронавирус анықталмаған. Дәрігерлер пневмония және дисфагия (жұтынудың қиындауы) деген диагноз қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954534-grekiyanyn-buryngy-prezidenti-omirden-otti/

pixel