Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ренат Айтаев мәжіліс аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды

Опубликовано:

Ренат Айтаев
Фото: Ақорда

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палата бюросы өтті. Оның барысында мәжіліс аппаратының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды parlam.kz.

Бюро отырысында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата аппаратының жаңа басшысы Ренат Құрметжанұлы Айтаевты таныстырды.

Ренат Құрметжанұлы 1976 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. Білімі-жоғары. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді.

Еңбек жолын 1998 жылы бастады. Әр жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінде, Кедендік бақылау агенттігінде, қаржы министрлігінде, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, индустрия және сауда министрлігінде, премьер-министрдің кеңсесінде қызмет атқарды.

2010-2017 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесі индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі;

2017-2019 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары – ҚР премьер-инистрі кеңсесі бойынша әдеп жөніндегі уәкілі;

2019 жылы ҚР президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін осы қызметін атқарып келді.

"Құрмет" орденімен, "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін" III дәрежелі медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954626-renat-aitaev-mazilis-apparatynyn-bassysy-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel