Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Жолманов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды

Опубликовано:

Азамат Жолманов
Азамат Жолманов. Фото: Хабар 24

Президент өкімімен Азамат Жолманов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Азамат Сағатұлы Жолманов "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша Еуразия Ұлттық университетін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Мемлекеттік басқару саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады.

Еңбек жолын Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы байланыстар және инвестициялар департаментінің сарапшысы лауазымынан бастаған.

Әр жылдары президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби дамыту институты директорының орынбасары, Қарағанды облыстық филиалының директоры лауазымын атқарған.

Жаңа қызметіне дейін Стратегиялық әзірлеу және халықаралық бағдарламалар департаменті директорының міндетін атқарушы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954970-azamat-zolmanov-memlekettik-qyzmet-isteri-agenttigi-toragasynyn-orynbasary-boldy/

pixel