Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Назарбаевтың ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуін жою туралы түзетулерге қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент конституциялық заңдарға өзгеріс енгізетін құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетсек, бұған дейін мәжілісмендер тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын конституциялық заңдарға түзетулер енгізуді ұсынған еді.

2 ақпанда парламент бұл түзетулерді мақұлдады.

Сонымен бірге, сенаторлар мемлекеттік бастамалар Елбасымен келісілуге тиіс деген норманы алып тастауды ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954985-toqaev-konstituciyalyq-zandarga-tuzetulerge-qol-qoidy/

pixel