Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО әкімі тұрғындардан 100 млн теңгені қалай тиімді жұмсауға болатынын сұрады

Опубликовано:

Ғали Есқалиев
Ғали Есқалиев. Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

БҚО әкімі Ғали Есқалиев тұрғындардан жол ережесін бұзған азаматтардан өндірілген айыппұлдың 100 миллион теңгесін қалай тиімді жұмсауға болатынына идея қосуды сұрады. Бұл туралы өңір басшысы Facebook парақшасында жазды.

Облыс әкімінің мәліметінше, қала аумағындағы жолдарға бейнекамералар орнатқаннан бері жылдамдық режимін бұзған азаматтардан 200 миллион теңге айыппұл өндірілген.

"Әрине, айыппұл салудың мақсаты жергілікті бюджетті толықтыру емес, қаламызда жиілеп кеткен жол-көлік оқиғаларын болдырмау, адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау болып табылады.

Осы жиналған қаражат өңірдің көптеген әлеуметтік мәселелерін (бірінші кезекте жол қауіпсіздігі үшін) шешуге бағытталатын болады", - дейді ол.

Осы орайда, Ғали Есқалиев қаражаттың 100 миллион теңгеге дейінгі бөлігін аймақ тұрғындарының жол кауіпсіздігіне қатысты жаңа идеяларына жұмсауды ұсынды.

"Қаражатты қалай тиімді жұмсауға болатыны туралы нақты ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді жазуыңызды сұраймын. Алдағы уақыта жол қауіпсіздігі жөніндегі кеңесте сіздердің тарапыңыздан түскен ұсыныстар қаралып, ақпан айының соңына дейін халық алдына ашық дауыс беруге шығаратын боламыз", - дейді БҚО әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955039-bqo-akimi-turgyndardan-100-mln-tengeni-qalai-tiimdi-zumsauga-bolatynyn-surady/

pixel