Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент орташа жалақы мөлшері өсіп жатыр деген үкімет есебін көзбояушылыққа теңеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы орташа жалақы мөлшері өсіп жатыр деген үкімет есебін көзбояушылыққа теңеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Халықтың табысын арттырып, адамдардың табысы арасындағы алшақтықты азайту керек. Табыс – халықтың әл-ауқатын және ертеңгі күнге сенімін арттырудың басты факторы. Өкінішке қарай, соңғы уақытта халықтың табысы экономиканың жақсаруы есебінен емес, әлеуметтік трансферттер есебінен өсіп отыр", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет отырысында.

Президент орташа жалақы өсіп жатқаны туралы есеп шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Тек әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақыға күн көріп отырғандар көп. Соңғы бес жылда халықтың жалпы табысындағы еңбек табысының үлесі 80 пайыздан 67 пайызға азайды. Ал әлеуметтік трансферттер 17 пайыздан 29 пайызға дейін өсті.

Бұл халықтың табысы жалақыға емес, бюджет қаражатының жұмсалуына тәуелді болып отырғанын аңдатады. Қарызға батқандар мен кедей адамдардың үлесі артып келеді. Бүгінде 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді.

Бұл - соңғы он жылдағы ең нашар көрсеткіш. Осыған қарамастан, үкімет орташа жалақы мөлшері өсіп жатыр деген есеп береді. Бұл - көзбояушылық", - дейді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955139-memleket-bassysy-ortasa-zalaqy-molseri-osip-zatyr-degen-ukimet-esebin-kozboyausylyqqa-tenedi/

pixel