Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент өткен жылғы энергетикалық дағдарыстың бірнеше себебін атады

Опубликовано:

Жарық
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде өткен жылы орын алған энергетикалық дағдарыстың бірнеше себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Өткен жылы біз айтарлықтай күрделі энергетикалық дағдарысқа тап болдық. Дизельдік отын, авиакеросин, сұйытылған газ тапшылығы байқалды. Бұған нашар жоспарлау, бақылаудың жоқтығы және жеке тұлғалардың теріс пиғылды әрекеттері себеп болды", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, президент тауарлық газ тапшылығынан туындайтын қауіптер туралы айтты.

"Өткен жылы Kazakhgas ойланбастан жаңа өнеркәсіптік нысандарды газға қосуға мораторий енгізді. Соның салдарынан бірнеше өңірде газ болмады. Елімізде тауарлық сұйытылған газды қосымша өндіруге барлық жағдай жасалған, бірақ теңгерімді, коммерциялық тартымды газ нарығын құру міндеті ешбір жолмен шешілмей отыр. Сондықтан Энергетика министрінен нақты ұсыныстар күтемін", - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент министрлер кабинетіне Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаларды қайтару жоспарын әзірлеу үшін екі ай уақыт берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955167-prezident-otken-zylgy-energetikalyq-dagdarystyn-birnese-sebebin-aitty/

pixel