Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ақпанда Ресейде Путинмен кездеседі

Опубликовано:

Тоқаев пен Путин қол алысып тұр
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

10-11 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

"10 ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады.

11 ақпан күні мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді", - деп жазды Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955206-qasym-zomart-toqaev-10-aqpanda-reseide-putinmen-kezdesedi/

pixel