Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Назарбаев университетінің президентін қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шигео Катсу
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шигео Катсу. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Назарбаев университетінің қазіргі жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.

Әңгімелесу барысында білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективаларына, түрлі саладағы жаңа технологиялар мен инновацияларды әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Шигео Катсудың айтуынша, университет Қазақстандағы жоғары білім беру ісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосуға дайын. Оқу орнының қызметі ұлттық экономика мен еліміздегі әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған.

Мемлекет басшысы жуық арада Назарбаев университетіне баруға ниетті екенін айтты.

Сонымен қатар, президент Шигео Катсуды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жоғары біліктілігі мен Қазақстанның білім беру саласындағы көпжылғы жемісті еңбегі үшін оған алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955356-toqaev-nazarbaev-universitetinin-prezidentin-qabyldady/

pixel