Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жириновский ауруханаға түсіп қалды

Опубликовано:

Владимир Жириновский
Владимир Жириновский. Фото: Gettty Images/ NATALIA KOLESNIKOVA / Contributor

Ресейдің либералды-демократиялық партиясының төрағасы, танымал саясаткер Владимир Жириновский Мәскеудегі Орталық клиникалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Иә, ол қазір Орталық клиникалық ауруханада", - дейді жағдаймен таныс дереккөз.

Ресейлік саясаткердің медициналық мекемеге қандай диагнозбен жатқызылғаны белгісіз.

URA.RU Telegram каналының дерегіне сүйенсек, Жириновский коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырып алған болуы мүмкін. Бұл ақпаратты РЛДП растап не жоққа да шығармаған.

"Ол (Жириновский-ред.) өзін жақсы сезінеді. Сіздерге айтарым тек осы", - дейді партияның баспасөз қызметінің жетекшісі Александр Дюпин.

Айта кетейік, Владимир Жириновский 2020 жылдың қыркүйек айынан өткен жылдың желтоқсанына дейін коронавирус инфекциясына қарсы жеті рет вакцина салдырған.

Өз кезегінде вирусология профессоры Александр Чепурнов екпені мұндай көп мөлшерде алу денсаулыққа зиянын тигізбесе де, артық екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955384-zirinovskii-auruxanaga-tusip-qaldy/

pixel