Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләззат Қалтаева сенат депутаты ретінде ант берді

Опубликовано:

Ләззат Қалтаева
Ләззат Қалтаева. Видеодан кадр: Сенаттың онлайн отырысынан трансляция

Сенат депутаты Ләззат Қалтаева палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге және өзіне артылған міндеттерді адал атқаруға ант берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мемлекет басшысының жарлығымен 28 қаңтарда Ләззат Қалтаева парламент сенатының депутаты болып сайланғанын еске салды.

Әшімбаевтың сөзінше, мүмкіндігі шектеулі адамның парламент сенатының депутаты болуы елімізде алғаш рет орын алып отыр. Бұл қоғамдағы өзгеріс пен мен оның инклюзивтілігінен хабар береді.

Отырыс кезінде Ләззат Қалтаева депутат ретінде ант берді.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955467-senat-deputaty-bolyp-tagaiyndalgan-lazzat-qaltaev-ant-berdi/

pixel