Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арманбек Баймурзин Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Арманбек Баймурзин
Арманбек Баймурзин. Фото: Ақмола облысы ПД ресми сайты

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша және Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болып Арманбек Баймурзин тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Арманбек Хакимбекұлы Баймурзин 1974 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет етеді.

2004-2012 жылдары ІІМ Криминалдық полиция комитетінде басшылық лауазымдарды атқарған.

Әр жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы болған.

2019 жылдың қазанынан бастап бүгінге дейін Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарған.

Фото
Фото: polisia.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін Мұрат Қабденов Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955469-armanbek-baimurzin-zambyl-oblysy-policiya-departamentine-bassylyqqa-keldi/

pixel