Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Путин Мәскеуде келіссөз жүргізуде

Опубликовано:

Тоқаев Путин
Фото/архив: ru.sputnik.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін Мәскеуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізуде. Келіссөз барысында екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылады.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.

Бұл шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 18:00-ден кейін "Хабар24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі", - деп жазды Берік Уәли желідегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955568-toqaev-pen-putin-maskeude-zogary-dengeide-kelissoz-zurgizude/

pixel