Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті

Опубликовано:

Мемлекет басшысы мен Мишустин
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей президенттерінің бүгінгі келіссөздерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

"Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен шынайы одақтастық қатынастарды ілгерілету үшін көп жұмыс істеу керек. Бар күш-жігерді күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмсау қажет. Мен жаңа ғана Владимир Владимировичпен ұзақ әрі тиімді келіссөз жүргіздім. Біз ынтымақтастығымызды нығайтуға, халықаралық және өңірлік жағдайға қатысты барлық мәселе бойынша сөйлестік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа үкіметімен жүйелі жұмыс істеудің маңызды екенін атап өтті.

"Сіздердің өкілдеріңіз бен Қазақстанның жаңа үкіметі арасындағы байланыстарға тың серпін бергім келеді. Қарым-қатынастар Ресей үкіметімен арадағы іскерлік, белсенділік және өте тығыз байланыстарды жалғастыруға бағытталуы керек", – деді президент.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің Камаз, Сибур және басқа да жетекші компанияларының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан стратегиялық сипаты зор маңызды бірлескен жобалары бар. Бұл жобалар өндірістік кооперацияны кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, екі елдің өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар Қазақстан тарапы Еуразиялық экономикалық одақ аясында тығыз ықпалдастық орнатуға ниетті.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955618-toqaev-resei-ukimetinin-toragasymen-kezdesti/

pixel