Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Қазан Кремлін" аралап көрді (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарының екінші күні Қазан қаласында болды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының Татарстан Республикасына сапары "Қазан Кремлі" мемлекеттік тарихи-архитектуралық және көркем музей-қорығына барудан басталды.

Ондағы көрікті жерлерді Қасым-Жомарт Тоқаевқа Татарстан президенті Рустам Минниханов таныстырды.

Фото
Фото: Ақорда

Рустам Минниханов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енген осы бірегей тарихи кешен туралы әңгімелеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлі аумағындағы "Құл Шариф" мешіті мен Благовещенский соборын аралап көрді.

Фото
Фото: Ақорда

"Құл Шариф" мешіті Қазан хандығының әйгілі ескерткіші – XVI ғасырдың екінші жартысына дейін бұзылмай тұрған көне соборлы мешітті еске алу мақсатымен 2005 жылы Татарстанның тұңғыш президенті Минтимер Шаймиевтің жарлығына сәйкес салынған және оның атауы имам Құл Шарифтің құрметіне қойылған.

Благовещенский соборының іргетасы 1552 жылы орыс патшасы IV Иван Грозныйдың жарлығымен қаланған.

Фото
Фото: Ақорда

Фото
Фото: Ақорда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955725-prezident-qasym-zomart-toqaev-qazan-kremlin-aralap-kordi-foto/

pixel