Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақсат Қиқымов Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кеткенін хабарлады

Опубликовано:

Мақсат Қиқымов
Мақсат Қиқымов. Фото: instagram.com/kikimov_maksat

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Қиқымовтың сөзінше, бүгін, 11 ақпанда оның Алматы әкімінің орынбасары ретінде соңғы жұмыс күні болған. Ол оңтүстік астана әкімдігінде үздіксіз 10 жыл қызмет еткенін айтты.

"Осы уақыт ішінде біз сіздермен бірге қаламыздың игілігі үшін біршама нәрсе жасай алдық. Әрқайсыңызға қолдау көрсетіп әрдайым байланыста болғандарыңыз үшін алғыс айтамын!

Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі! Қаланың ел дамуында алар орны ерекше. Сіздердің сындарлы сындарыңыз және үздік қала құру жолында қолдауларыңыздың арқасында Алматы түбегейлі жаңарды. Бұл қаламызға шынайы пейілмен қамқорлық жасайтын нағыз алматылықтардың ыстық ықыласы деп білемін", - деп жазды Мақсат Қиқымов.

Сонымен бірге, ол бұрынғы әкім Бақытжан Сағынтаевқа, әріптестеріне, әкімдік қызметкерлеріне, мәслихат депутаттарына, қоғамдық кеңеске, қоғамдық бірлестіктерге, коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге алғысын айтты.

"Біз бірге барлық өзекті мәселелердің тереңдігіне жетуге және оларды ортақ күш-жігермен бірден шешуге тырыстық. Қала тағдырына бей-жай қарамағандарыңызға және осы қызықты және ұмытылмас 10 жыл үшін рахмет!", - дейді Қиқымов.

Еске сала кетсек, Мақсат Қиқымов аталған қызметке 2020 жылдың қыркүйек айында тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955760-maqsat-qiqymov-almaty-akiminin-orynbasary-qyzmetinen-ketkenin-xabarlady/

pixel