Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина Ресеймен және Вена құжатының барлық қатысушысымен шұғыл отырыс өткізуге шақырды

Опубликовано:

Украина туы
Украина туы. Көрнекі фото: pixabay.com

Украина Ресеймен және Вена құжатының барлық қатысушысымен шұғыл отырыс өткізуге шақырды. Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Twitter парақшасында хабарлады.

Кулебаның сөзінше, Ресей Украинаның сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы Вена құжаты бойынша сұрауына жауап бермеген. Осыған байланысты, олар 48 сағат ішінде Вена құжатына қол қойған барлық елмен отырыс өткізуді сұрап отыр.

"Украина алдағы 48 сағат ішінде Ресеймен және барлық қатысушы мемлекеттермен (Вена құжатының-ред.) біздің шекарамызда Ресей әскерлерінің күшеюі мен қозғалысын талқылау үшін кездесу өткізуге шақырады", - дейді Украина Сыртқы істер министрі.

Кулебаның сөзінше, егер ресейлік тарап "ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздіктің тұтастығы туралы өз сөзіне байыппен қарайтын болса", онда ол әскери ашықтық жөніндегі міндеттемелерін орындауы тиіс. Бұл қазіргі жағдайдағы шиеленісті азайтады.

Вена құжатының мақсаты - ЕҚЫҰ құрамына кіретін елдерде сенім мен қауіпсіздікті нығайту шараларын жүзеге асыру, тұрақтылықты арттыру және әскери қақтығыстар қаупін азайту.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955950-ukraina-sugyl-otyrys-otkizuge-saqyrdy/

pixel