Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Уәли "Қазақстан" РТРК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Опубликовано:

Берік Уәли
Берік Уәли. Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли "Қазақстан" РТРК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ұлттық телеарна Instagram парақшасында.

Берік Уәли 1977 жылы дүниеге келген.

Ол Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын "кинотанушы" мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын "журналистика" мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Таң" телеарнасының тілшісі болып бастап, әр жылдары "31 арна", "Хабар", "Qazaqstan" телеарналарының редакторы және жүргізушісі болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Нұр Медиа" медиа орталығын басқарған.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы, "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметін атқарған.

2019 жылғы наурызда мемлекет басшысының өкімімен президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, 2019 жылдың қыркүйек айында "ҚР Президентінің телерадиокешені" КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955978-berik-uali-qazaqstan-rtrk-aq-direktorlar-kenesinin-toragasy-bolyp-sailandy/

pixel