Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау вице-министрі әрі бас санитарлық дәрігер болып тағайындалды

Опубликовано:

Айжан Есмағамбетова
Айжан Есмағамбетова: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында туған.

1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін, Қазақстан медицина университетін (Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебі), Алматы менеджмент университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы №7 емханада фельдшер-зертханашы болып бастаған.

1997-2004 жылдары республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болған.

2004-2014 жылдары ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған.

2014 жылы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары;

2014-2017 жылдары ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы;

2017 жылы ДСМ Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры;

2017-2020 жылдары Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры;

2020 жылы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, 2020 жылғы қазаннан қазіргі уақытқа дейін төрағасы қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Айжан Есмағамбетова еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін 2020 жылғы 20 наурыздан бастап 16 қыркүйекке дейін атқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955991-aizan-esmagambetova-densaulyq-saqtau-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel