Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Желдібай премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болды

Опубликовано:

Руслан Желдібай
Руслан Желдібай. Фото: primeminister.kz

Руслан Сұлтанұлы Желдібай премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған.

2012-2018 жылдары "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған.

2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.

2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.

2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956007-ruslan-zeldibai-premer-ministr-kensesi-bassysynyn-orynbasary-boldy/

pixel