Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аманат" комиссиясының мүшелері Ералы Тоғжановпен кездесті

Опубликовано:

Аманат комиссиясы
Фото: Абзал Құспанның Instagram парақшасынан

Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған "Аманат" қоғамдық комиссиясының мүшелері бүгін үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиынға қатысқан. Сондай-ақ, бүгін комиссияның атсалысуымен Шымкенттегі тергеу изоляторынан 14 азаматтың бостандыққа шыққаны белгілі болды. Бұл туралы комиссия жетекшісі Абзал Құспан мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандардың бұлтартпас шарасын жұмсартумен айналысып жүрген "Аманат" қоғамдық комиссиясының жетекшісі Абзал Құспан бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиынға қатысқанын жеткізді.

"Осы кезге дейін атқарған жұмысымыз және мемлекеттік органдардың қызметі мен қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы нақты ұсыныстарымыз талқыланды. Үкімет тарапынан ІІМ-нің бірінші орынбасары М.Ш.Қожаев, ақпарат министрінің орынбасары А.С. Данилов, әділет министрінің орынбасары Н.В.Пан, Ұлттық экономика министрінің орынбасары А.А.Абдыкаримовтар болды", - деп жазды адвокат.

Одан бөлек, бүгін Шымкент қаласындағы тергеу изоляторынан комиссия ұсынған тізімнен 14 азаматтың бас шарасы өзгертіліп, бостандыққа шыққаны туралы белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Абзал Құспан БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында "Аманат" комиссиясы ел бойынша 85 адамның тергеу изоляторынан босап шығуына көмектескенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956060-amanat-komissiyasynyn-museleri-eraly-togzanovpen-kezdesti/