Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Уәли: Президент Украина төңірегіндегі жағдайды мұқият қадағалап отыр

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды бақылап отыр. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отыр. Бұл мәселе Владимир Путинмен кездесу барысында талқыланды. Біздің елдің президенті ымыраға келу үшін нәтижелі дипломатиялық келіссөзді жалғастыруды қолдайтынын жеткізді", - дейді Берік Уәли.

Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеу принципін ұстану керектігін атап өткен. Бұл қағидат 2010 жылы қабылданған ЕҚЫҰ Астана декларациясының мәтініне енген.

Айта кетейік, бұған дейін Украина Ресеймен және Вена құжатының барлық қатысушысымен шұғыл отырыс өткізуге шақырған еді.

"Украина алдағы 48 сағат ішінде Ресеймен және барлық қатысушы мемлекеттермен (Вена құжатының-ред.) біздің шекарамызда Ресей әскерлерінің күшеюі мен қозғалысын талқылау үшін кездесу өткізуге шақырады", - дейді Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба.

Кулебаның сөзінше, егер ресейлік тарап "ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздіктің тұтастығы туралы өз сөзіне байыппен қарайтын болса", онда ол әскери ашықтық жөніндегі міндеттемелерін орындауы тиіс. Бұл қазіргі жағдайдағы шиеленісті азайтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956215-berik-uali-prezident-ukraina-toniregindegi-zagdaidy-muqiyat-qadagalap-otyr/

pixel