Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Шайымова Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Айгүл Шайымова
Айгүл Шайымова. Фото: primeminister.kz

Президент өкімімен Айгүл Шайымова Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айгүл Шайымова 1979 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Қаржы полициясы академиясын, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. 

Әр жылдары Қаржы полициясы агенттігінде, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде, Бас прокуратурасында жұмыс істеген. 

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың шілдесіне дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды.

2019 жылдың шілдесінен бастап Мәдина Жүнісбекованың оқу демалысы кезеңінде Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қаңтар айына дейін Ұлттық экономика вице-министрі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956365-aigul-saiymova-strategiyalyq-zosparlau-zane-reformalar-agenttigi-toragasynyn-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel