Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысын тағайындады

Опубликовано:

Айтқұрман Омарбеков
Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына Айтқұрман Омарбековты тағайындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген ресми құжат мәтінінде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Президент әкімшілігінің келісімі бойынша мегаполис басшысының орынбасары болып Нүсіпова Әсем Бекқызы тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956423-toqaev-airyqsa-maqsattagy-kusterdin-qolbassysyn-tagaiyndady/