Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұргүл Мауберлинова лауазымды қызметінен босатылды

Опубликовано:

Нұргүл Өсербайқызы
Фото: ortcom.kz

Нұргүл Мауберлинова Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген ресми құжат мәтінінде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Айгүл Шайымова Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалған болатын.

Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Президент әкімшілігінің келісімі бойынша мегаполис басшысының орынбасары болып Нүсіпова Әсем Бекқызы тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956433-nurgul-mauberlinova-lauazymdy-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel