Ұлттық арнадан Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі
Опубликовано:

Ертең, 17 ақпан күні сағат 20:30-да "Qazaqstan" ұлттық телеарнасынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді", - деп жазды Тоқаевтың өкілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956439-ulttyq-arnadan-qasym-zomart-toqaevtyn-suxbaty-korsetiledi/