Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнуар Жұмаділдаев Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Опубликовано:

Әнуар Жұмаділдаев
Әнуар Жұмаділдаев. Фото: primeminister.kz

Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 

Әр жылдары Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті мен Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды.

2017-2019 жылдары Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды. 

2020 жылғы шілде айында Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956519-anuar-zumadildaev-qarzy-ministrligi-qazynasylyq-komitetinin-toragasy-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel