Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңылсын Архарова Жоғары сот судьясы қызметінен кетті

Опубликовано:

Жаңылсын
Фото: Жоғары Сот

Парламент сенатының депутаттары Жоғары сот судьясы Жаңылсын Архарованы қызметінен босату туралы шешім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының ұсынысын Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп жеткізді.

"Сіздердің қарауларыңызға Жаңылсын Архарованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынысы келіп түсті", - деді ол.

Денис Шиптің айтуынша, Жаңылсын Архарова өз ортасында беделді, тәжірибелі судья. Оның еңбек өтілі 26 жылдан асады. Соның ішінде 9 жылдан астам уақыт Жоғарғы сот судьясы қызметін атқарып, 2020 жылдың желтоқсанынан бастап Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі болды.

Сенат депутаттары Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын бірауыздан қолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956538-zanylsyn-arxarova-zogary-sot-sudyasy-qyzmetinen-ketti/

pixel