Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов үй қамауына алынды

Опубликовано:

Ғалымжан Ниязов
Ғалымжан Ниязов. Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үй қамауына ауыстыру туралы тергеушінің өтініші қанағаттандырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inAktau.kz.

"Ақтау мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 16 ақпанда күдікті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ниязов Ғалымжан Мұқырұлына қатысты 24 наурызға дейін үй қамауына алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеушінің өтініші қанағаттандырылды", - делінген соттың хабарламасында.

Еске сала кетсек, Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Ғалымжан Ниязовтың ұсталғанын растаған еді.

Ниязов ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған.

Сондай-ақ, сот бұған дейін шенеунікке қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956589-mangystau-oblysy-akiminin-orynbasary-galymzan-niyazov-ui-qamauyna-alyndy/

pixel