Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Райымбек Баталов "Атамекен" ҰКП төрағасының міндетін атқарушы болды

Опубликовано:

Райымбек Баталов86
Райымбек Баталов. Фото: atameken.kz

Райымбек Баталов "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы міндетін атқарушы болып сайланды. Бұл туралы Ұлттық палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Ұлттық палата "Атамекен" ҚР ҰКП IX кезектен тыс съезі 2022 жылғы 18 ақпанда өтетінін атап өтті.

Күн тәртібінде ұлттық палатаның қызметін реформалау, кәсіпкерлікті дамыту сынды басқа да өзекті мәселелер қаралмақ.

Айта кетейік, бұған дейін "Атамекен" ҰКП президиумы төрағасының қызметін Тимур Құлыбаев атқарған болатын.

Ол бұл қызметті 2013 жылдың қыркүйегінен бастап 2022 жылдың 17 қаңтарына дейін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956595-raiymbek-batalov-atameken-ukp-bassysynyn-mindetin-atqarusy-boldy/

pixel