Болат Жәмішев "Самұрық-Қазына" қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды
Опубликовано:

Болат Жәмішев "Самұрық-Қазына" АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды қордың ресми сайты.
16 ақпанда "Самұрық-Қазына" АҚ қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес құрамына белгілі мемлекет пен қоғам қайраткерлері, сарапшылар, қаржы секторының өкілдері мен медиа-қоғамдастық өкілдері кірген.
Ашық дауыс беру нәтижесінде кеңестің төрағасы болып "Қазақстан халқына" ҚӘҚ төрағасы Болат Жәмішев сайланған.
Айта кеткен жөн, "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық кеңесінің жұмысы қаржылай шығындарды талап етпейді. Себебі, Қоғамдық кеңес мүшелеріне ешқандай еңбекақы төленбейді.
Болат Жәмішев атап өткеніндей қоғамдық кеңестің мақсаты - ең алдымен қоғамдық пікірді қалыптастырып, жетілдіру, "Самұрық-Қазына" АҚ атына азаматтардан келіп түсетін сауалдарды нақты ұсыныстарға айналдырып, қордың басқару органдарына жеткізу.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956611-bolat-zamisev-samuryq-qazyna-qogamdyq-kenesinin-toragasy-bolyp-sailandy/