Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ішкі істер министрлігіне бірқатар тапсырма берді

Опубликовано:

Тоқаев пен Тұрғымбаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ведомство басшысы президентке елдегі құқықтық тәртіпті қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берген.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта ішкі істер министрлігінде 2739 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр. Атап айтқанда, ұрлық, заңсыз қару сату, өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру және басқа да деректер бойынша іс қозғалған. Қазіргі уақытта 271 адам қамауда отыр. Олардың 196-сы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтар.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, тергеу барысында азаматтардың құқықтары сақталады. Қылмыс құрамына байланысты, қоғамнан оқшаулауға жатпайтын 103 азамат тергеу изоляторларынан босатылған. Тағы 200-ден астам күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алу немесе кепілдік қою бойынша шаралар қабылданып, тергеу изоляторларына қамамауға шешім шығарылған.

Одан бөлек, министр парламент мәжілісінің депутаттарына, қоғамдық-бақылау комиссиялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне тергеу изоляторларына кіруге мүмкіндік берілгенін жеткізді.

Сонымен қатар, министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер органдарының дағдарыс жағдайларына дайындығын арттыруға, күштік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмін қайта қарауға бағытталған шаралар туралы мәлімет берді.

Президент өз кезегінде ішкі істер министрлігіне елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұсталған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғау және қаңтардағы қайғылы жағдайлардың себептеріне объективті тергеу жүргізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956639-toqaev-iski-ister-ministrine-qantardagy-qaigyly-zagdailardy-tergeuge-qatysty-tapsyrma-berdi/

pixel