Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев өзін "елден қуып шықпақ болды" деген сарапшылар болжамына жауап берді

Опубликовано:

Тоқаев сұхбат
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" телеарнасына берген сұхбатында ресейлік сарапшылардың қазақстандық оқиғаларға қатысты өзін "елден қуып шықпақ немесе тұтқындамақшы болды" деген саяси болжамдарына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, бұл болжам рас болуы мүмкін, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұхбат барысында журналист ресейлік сарапшылардың "Қаңтар оқиғасы" төңірегіндегі болжамдарын туралы сөз қозғады.

"Ресейдегі бірқатар сарапшылар елімізде болған оқиғаға қатысты «Төңкерісшілердің мақсаты президент Тоқаевты Қазақстаннан қуып шығу немесе тұтқынға алу» деген болжам жасады. Сол рас па? Бірақ Сіз олардың жоспарын жоққа шығардыңыз. Осыған байланысты Өзіңіз қандай нақты түсініктеме берер едіңіз?", - деп сұрады ол.

Президент бұл болжамды жоққа шығарған жоқ.

Бәлкім, бұл Ресейдің барлау қызметінің көзқарасы шығар. Бұл рас та болуы мүмкін. Олар біздің еліміздегі оқиғаларды мұқият бақылап отырады ғой. Қалай десек те, арнайы жасақталған қарулы бандалар билікті басып алғысы келді. Сондықтан, шетелдік сарапшылар айтқан пікірдің жаны бар деп ойлаймын.
Дегенмен, барлығына байыппен қарап, салмақты баға беру қажет. «Сабыр түбі – сары алтын» деп халқымыз бекер айтпаған. Бізге керегі – асығыс шешім шығарып, істі жауып тастау емес, міндетті түрде ақиқатқа көз жеткізу. Бұл – менің алдыма қойған мақсатым", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956665-bul-ras-ta-boluy-mumkin-toqaev-ozin-elden-quyp-syqpaq-boldy-degen-sarapsylar-bolzamyna-pikir-bildirdi/

pixel