Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүмкіндік берген жөн": Президент Алматының жаңа әкімі Досаевқа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ерболат Досаев
Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысы ҚАсым-Жомарт Тоқаев "Qazaqstan" ұлттық арнасына берген сұхбатында Алматы қаласының жақында тағайындалған әкімі Ерболат Досаевқа қатысты пікір білдірді.

– Соңғы кездері көптеген ауыс-түйістер болды. Соның ішінде Ерболат Досаевты Алматы қаласының әкімі етіп тағайындаған шешіміңізге наразы тұрғындар митингіге шықты. Бұл шешімді қайта қарау ойыңызда бар ма?

– Ондай ойым жоқ. Алматы – еліміздегі ең ірі, ерекше шаһар. Қаланың ахуалы, тұрғындардың әл-ауқаты менің жеке назарымда. Қаңтар оқиғасы кезінде қаланың экономикасы зардап шекті. Азаматтардың және бизнес иелерінің дүние-мүлкі тоналды. Көптеген нысан өртелді, қиратылды. Соның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл – оңай шаруа емес. Сондықтан осындай жауапты жұмыс жаңа әкім Ерболат Досаевқа жүктелді, қолынан келеді деп үміттенемін. Себебі оның бизнес саласында, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Іскер, еңбекқор адам. Жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн деп ойлаймын.

Осы сияқты басқа да біраз кадрлық өзгерістер болып жатыр. Бірақ әкімдердің басым көпшілігі әлі орнында отыр. Олардың жағдайы қалай болмақ? Алдағы уақытта облыс әкімдері сайлана ма?

– Жалпы айтқанда, кадрлық ауыс-түйіс – үздіксіз жалғаса беретін үдеріс. Лауазым мәңгілік дүние емес. Жұмыстың жаңа талабына икемделе алмаған адамдар қызметтен кетуге мәжбүр болады. Олардың орнын жаңа кадрлар басады. Әкімнің бәрін ауыстыру менің негізгі мақсатым емес. Әкімдердің жұмысына жан-жақты талдау жасалады. Негізгі талап – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан қажеттілік болса, тиісті кадрлық шешімдерді қабылдаймын. Міндетті түрде өзгерістер болады.

Мен 2020 жылы халыққа Жолдауымда алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау туралы айттым. Көп ұзамай ауыл әкімдерін сайладық. Былтырғы Жолдауымда "Келесі қадам – аудан әкімдерінің сайлауы" деп айттым. Оны 2024 жылы өткіземіз. Бәлкім, пилоттық жоба ретінде келесі жылдан бастасақ, орынды болар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956672-mumkindik-bergen-zon-prezident-almatynyn-zana-akimi-dosaevqa-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel