Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтаруға тиіспіз

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Polisia.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев "Qazaqstan" ұлттық телеарнасының эфирінде болған сұхбатында "шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елімізге қайта әкелу керек" деген тапсырмасын түсіндіріп берді.

Тележурналист Жайна Сламбек мемлекет басшысына "Сіз Үкіметтің отырысында шетелге заңсыз шығарылған қаражатты Отанымызға қайта әкелу керек деп тапсырма бердіңіз. Бұл тапсырма қашан орындалады? Соның мерзімдері туралы айта аласыз ба? деген сауалдар қойды.

Өз кезегінде президент аталған мәселе бойынша ауқымда сараптама жасау маңызды екенін алға тартты.

"Мен Үкіметке тиісті тапсырма бердім. Бұл мәселе бойынша Үкімет екі айдан кейін маған нақты ұсыныстарын айтады. Содан кейін жұмыс басталады. Аталған мәселе бойынша ауқымды сараптама жасау керек. Онсыз болмайды.
Содан кейін шетелдегі тиісті мекемелермен келіссөздер жүргізуге кірісеміз. Бұл өте күрделі әрі ұзақ уақытқа созылатын жұмыс болатын сияқты. Оны ашық айтқан жөн. Бірақ әділдікке жету үшін осы жұмысты бастау керек. Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтаруға тиіспіз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956679-prezident-setelge-zansyz-sygarylgan-qarazatty-elge-qaitaruga-tiispiz/

pixel