Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айта алмаймын": Тоқаев келесі президент сайлауына қатыса ма

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Qazaqstan" ұлттық арнасына берген сұхбатында келесі президент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сіз екі мерзім ғана Президент қызметін атқаруыңыз мүмкін екенін айттыңыз. Олай болса, келесі сайлауға қатысатыныңыз анық қой?", - деп сұрады журналист Жайна Сламбек президенттен.

"Бұл мәселе Конституциямызда жазылған. Президентке екі мерзім берілген. Оны бұзуға болмайды. Наурыздағы Жолдауымда, мүмкін, осы маңызды мәселе жөнінде өз пікірімді айтармын. Ал бірақ қазір сайлауға барамын ба, бармаймын ба оны айта алмаймын", -деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956682-aita-almaimyn-toqaev-kelesi-prezident-sailauyna-qatysa-ma/

pixel