Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлия Мұстафина президент Архивінің директоры болып тағайындалды

Опубликовано:

Әлия Мұстафина11
Әлия Мұстафина: archive.president.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Құсайынқызы Мұстафина президент Архивінің директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ал бұл қызметті атқарған Жәмила Юсупжанқызы Әбдіқадырова президенттің өкімімен лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Әлия Мұстафина жаңа қызметіне дейін президент Архиві директорының орынбасары қызметі атқарған.

Ол архивтік технологиялар, ақпараттық-әдістемелік жұмыс, құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру басқармаларына жетекшілік еткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрлігінің аппаратына жаңа басшы тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956740-aliya-mustafina-prezident-arxivinin-direktory-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel