Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Райымбек Баталов "Атамекен" ҰКП төралқасының төрағасы болып сайланды

Опубликовано:

Райымбек Баталов11
Фото: "Атамекен" ҰКП

Райымбек Баталов "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезінде төралқаның жаңа төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мен барлық делегаттарға сенім артқаны үшін алғыс айтамын. Палатаны бірге реформалау үшін қолымнан келгеннің барлығын жасайтыныма кепілдік беремін. Барлығымыз бірге жаңа палатада жұмыс істейтінімізге сенімім мол. Жұмыс істейік!", - дейді Райымбек Баталов.

Айта кетейік, бұған дейін "Атамекен" ҰКП президиумы төрағасының қызметін Тимур Құлыбаев атқарған болатын.

Ол бұл қызметті 2013 жылдың қыркүйегінен бастап 2022 жылдың 17 қаңтарына дейін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956757-raiymbek-batalov-atameken-ukp-toragasynyn-bolyp-sailandy/

pixel