Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев наурыздағы Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы бойынша алдын ала тергеу жұмыстарының қорытындылары туралы наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жариялайтынын жоспарлап отыр. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев "Qazaqstan" телеарнасына берген кешегі сұхбатында айтқанындай, халықтан ештеңені жасырып қалмайды. Барлық ақпарат жария етіледі. Қазір тиісті органдар ауқымды тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бұған біраз уақыт керек.

Президент сұхбат барысында атап өткендей, қоғамдағы ең маңызды мәселе – заң үстемдігі. Дәл осы құқықтық принцип негізінде қаңтар оқиғасы барысында ұсталған азаматтардың жауапкершілік мәселесі шешіледі. Олардың басым көпшілігінің жазасы жеңілдетілгені мәлім.

Жүздеген адам тергеу изоляторынан босатылды. Қамаудағы азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты да тексеру жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауыр қылмыс (кісі өлтіру, тонау, қарақшылық және т.б.) жасағандар заңға сәйкес жазаға тартылады", - дейді Берік Уәли.

Оның сөзінше, президент наурыз айының ортасында жасайтын Жолдауында саяси реформалар бойынша да өз бағдарламасын ұсынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956766-toqaev-nauryzdagy-zoldauynda-qantar-oqigasyna-qatysty-tergeu-qorytyndylary-turaly-aitady/

pixel