Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 наурызда "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Опубликовано:

Нұр Отан11
Көрнекі фото: "Nur Otan" сайты

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXII съезін шақыру туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Оған бүкіл аймақтың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды.

Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады", - дейді ол.

Айта кетейік, одан бөлек, мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы бойынша алдын-ала тергеу жұмыстарының қорытындыларын наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жариялайтынын жоспарлап отыр.

Президент келесі айдың ортасында жасайтын Жолдауында саяси реформалар бойынша да өз бағдарламасын ұсынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956767-1-nauryzda-nur-otan-partiyasynyn-kezekten-tys-sezi-otedi/

pixel