Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кеткен Қиқымов жаңа лауазымға тағайындалды

Опубликовано:

Мақсат Қиқымов
Мақсат Қиқымов. Фото: instagram.com/kikimov_maksat

Мақсат Қиқымов "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасысының баспасөз қызметі растап отыр.

"Ұлттық палата басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып бұрын Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Мақсат Қиқимов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ал "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының міндетін атқарушы болып Нариман Әбілшайықов тағайындалды.

Айта кетейік, осыған дейін бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз өкілеттігін тоқтатқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956847-almaty-akiminin-orynbasary-qyzmetinen-ketken-qiqymov-zana-lauazymga-tagaiyndaldy/

pixel